Сергей Викторович Лавров

Ресей Сыртқы істер министрі (2004 жылдан) From Wikipedia, the free encyclopedia

Сергей Викторович Лавров
Remove ads

Сергей Викторович Лавров (орыс. Сергей Викторович Лавров; 21 наурыз 1950 жыл, Мәскеу[1]) — ресейлік саяси қайраткер, дипломат, 2004 жылдан бері Ресейдің Сыртқы істер министрі.

Quick facts Лауазымы, 9 наурыз 2004 жылдан бері ...

Лавров Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, 2022 жылдан бері Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысқаны себебінен АҚШ, Еуропа одағы, Ұлыбритания, Канада, Аустралия, Жапония және басқа елдердің жеке санкцияларына ұшырады. Бұрын Лавров Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі (1994–2004) және Сыртқы істер министрінің орынбасары (1992–1994) лауазымдарының иесі болған.

Remove ads

Жастық шағы және білімі

Лавровтың әкесінің ұлты тбилисилік армян[2] және тегі Калантарян болғаны белгілі.[3] Анасы, Ногинск тумасы орыс Калерия Борисовна Лаврова,[3] КСРО Сыртқы сауда министрлігінде жұмыс істейтін.

Сергей Лавров 1950 жылғы 21 наурызда, Мәскеу қаласында дүниеге келген.[4]

Сүйікті сабағы физика болғандықтан, ол Ұлттық зерттеу ядролық университетіне, не Мәскеу физика-техникалық институтына түсуді жоспарлады, бірақ Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтына (МГИМО) түсіп, 1972 жылы сол жердегі оқуын бітірді.[4]

МГИМО-дағы оқуы кезінде Лавров халықаралық қатынастарды оқыды. Көп ұзамай ол Шри-Ланканың сол кездегі жалғыз ресми тілі болған сингал тілін, сондай-ақ Мальдив аралдарының ресми тілі дивехиді, және ағылшын мен француз тілдерін де үйренді. Университетке қабылданғаннан кейін Лавров басқа студенттермен бірге Останкино мұнарасын салып жатқан студенттік құрылыс бригадасына бір айға жіберілді.[5]

Жазғы демалыста Лавров сонымен қатар Хакасия, Тыва және Ресейдің Қиыр Шығысында университетінің студенттік құрылыс бригадаларында жұмыс істеді. Әр семестрде Лавров курстастарымен бірге драмалық спектакльдер жүргізді, кейінірек олар университеттің басты сахнасында ұсынылды. Оқуының үшінші жылында Лавров үйленді.[6]

Remove ads

Мансабы

Шри-Ланка елшілігіндегі мансабы (1972–1976)

Лавров МГИМО-дағы оқуын 1972 жылы бітірді. МГИМО түлектері оқуын бітіргесін міндетті түрде Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында жұмыс істеуі керек деген ереже сол кезде жоқ болған, сондықтан да Лавров Шри-Ланкадағы елшілікте орын бос болғанда сол жерге аға референт болып барды. Сол кезде Кеңес Одағы мен Шри-Ланка арасында тығыз нарықтық және экономикалық ынтымақтастық болды және Кеңес Одағы елде табиғи каучук өндірісін бастады.[6]

Шри-Ланкадағы КСРО елшілігі Мальдив аралдарымен де қарым-қатынасты сақтады. Шри-Ланкадағы елшілікте небәрі 24 дипломат жұмыс істеді. Лавров елшіліктегі небәрі 24 дипломаттың бірі болды, аудармашы, жеке хатшы және кейін Өзбек КСР басшысы болған Рапық Нышановтың көмекшісі болып жұмыс істеді және елдегі жағдайды талдауға жауапты болды. Шри-Ланка елшілігіндегі қызметі үшін ол атташе дипломатиялық дәрежесіне ие болды.[6]

КСРО Сыртқы істер министрлігі және БҰҰ (1976–1992)

1976 жылы Лавров Мәскеуге оралды, КСРО халықаралық экономикалық байланыстар секциясының үшінші және екінші хатшысы болып жұмыс істеді. Онда ол аналитикамен айналысты және оның кеңсесі әртүрлі халықаралық ұйымдармен, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымымен жұмыс істеді. 1981 жылы ол Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Кеңес миссиясының аға кеңесшісі болып Нью-Йорк қаласына жіберілді.

1988 жылы Лавров Мәскеуге оралды және КСРО-ның халықаралық экономикалық байланыстар бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалды. 1990–1992 жылдары ол КСРО СІМ Халықаралық ұйымының директоры болып жұмыс істеді.[6]

Remove ads

КСРО-ның ТМД-ға айналуы (1992–1994)

1991 жылғы қазанда КСРО Сыртқы істер министрлігінен РКФСР СІМ бөлінді, РКФСР Сыртқы істер министрі болып Андрей Козырев тағайындалды. Сол жылғы желтоқсанда ол Ресей Сыртқы істер министрлігі болып өзгертілді.

Сергей Лавров 1992 жылы жаңа құрылған РФ СІМ Халықаралық ұйымдар және Дүние жүзі мәселелері департаментінің директоры болды.[6] Ресей президенті Ельцинның 1992 жылғы №568 жарлығымен Лавровқа Ресей Федерациясындағы ең жоғарғы дипломатиялық дәреже, Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі берілді.[7]

Remove ads

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі (1994–2004)

Лавров өзінің СІМ-дегі қызметін 1994 жылы аяқтап, сол жылғы қыркүйекте БҰҰ-дағы жұмысын жалғастырды, осы жолы Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі ретінде.[6] Сонымен қатар ол 1995 жылғы желтоқсанда, 1997 жылғы маусымда, 1998 жылғы шілдеде, 1999 жылғы қазанда,[8] 2000 жылғы желтоқсанда, 2002 жылғы сәуірде және 2003 жылғы маусымда[9] БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болды.

Remove ads

Сыртқы істер министрі (2004–)

Thumb
Лавров (оң жақта) пен президент Путин (сол жақта), 2007 жыл. Лавровты Еуропалық парламент «идеология жағынан Путинге жақын тұлға» және «Ресейдің басты дипломаты» деп атаған.[4]

2004 жылғы 9 наурызда Сергей Лавров Владимир Путинның бұйрығымен Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.[4] Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, 2014 жылғы сәуірден ЮНЕСКО істері жөніндегі Ресей комиссиясының төрағасы, 2010 жылғы қаңтардан Экономикалық даму және интеграция мәселелері жөніндегі Үкімет комиссиясының мүшесі.

2021 жылы ол Мемлекеттік Думаға сайлауға «Біртұтас Ресей» партиялық тізімі федералдық бөлігінің жетекшісі ретінде қатысты. 2021 жылғы 29 қыркүйектегі сайлаудан кейін ол (партиялық тізімдегі басқа лидерлермен бірге, Анна Кузнецованы (орыс.) санамағанда[10]) мандатынан бас тартты.

Remove ads

Сирия азаматтық соғысы

Сирия азаматтық соғысының басында құрамында Лавров пен Михаил Фрадков болған Ресейдің делегациясы Сирияға барып, Башар әл-Асад үкіметін қолдайтынын айтып кетті. Бұдан бұрын Ресей БҰҰ-да орын алған Сирияға санкция салу жайлы дауыс беруге вето салған еді.[11]

2013 жылғы қыркүйекте сол кезде АҚШ Мемлекеттік хатшысы болған Джон Керри мен Лавров Асадтың Сириясында сақталған барлық дерлік химиялық қаруды жою туралы серпінді келісімге келді. Келісімге Швейцарияның Женева қаласында өткен үш күрделі келіссөздерден кейін қол жеткізілді.[12] Көп ұзамай Сирия бұл жоспарды толығымен қабылдады және 2014 жылғы маусымда Сирия үкіметі ұсынған барлық химиялық қару[13] Шығыс Жерорта теңізінде қауіпсіз түрде өртенді.[14]

Шетелдік бақылаушылар әл-Асадтың билігін ауторитарлық диктатура[15] және «әлемдегі ең репрессиялық режімдердің бірі»[16] деп сипаттады және олардың сарбаздарын әскери қылмыс, азап[15] жасап жүр деп айыптайды.

Remove ads

Ресей–Украина қақтығысы (2014)

Thumb
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Лавров (оң жақта), 2014 жыл

Қырым статусы жайлы референдумнан кейін Лавров Украинаның еш блокқа кірмей, ресми тілдері қатарында орыс тілі бар жаңа ата-заңын қабылдауы керек деп санайтынын айтқан.[17]

30 наурыз күні берген интервьюде Лавров Украинадағы саяси дағдарысты тоқтатуға көзделген, Віктор Янукович, Віталій Кличко, Арсеній Яценюк, Олег Тягнибок пен Польша, Франция мен Германия Сыртқы істер министрлері қол қойған 21 ақпан күнгі келісім жайлы сөйледі. Ол елдегі дағдарысты федерализм шеше алады деп санайтынын, орыс тілінің «де-ресмиленуіне» қарсы болғанын айтқан және «Батыстың» Украин төңкерісі мен Қырым статусы жайлы референдумының бір деңгейде көруін қалайтынын айтып кеткен.

Лавров Ресейдің Украинадағы сепаратистермен байланысы бар екенін мойындаса да, Ресейдің оларды қаржыландыруын жоққа шығарды. Лавров «Ресей сепаратистерді қаржыландырады» деген айыптарды бастаған АҚШ «Украинадағы дағдарысты одан әрі нашарлатқысы келіп тұрғаны» етіп көретінін айтты.[18]

2017 жылы Украинада білім беру заңы қабылданды, ол бойынша елде білім беру тек бір тілде, украин тілінде болады. Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл заң «көпұлттық мемлекетте моноэтникалық [бірұлттық] тіл режімін күштеп орнатуға арналған» деп мәлімдеді.[19]

Ресейдің Украинаға басып кіруі (2022–)

2022 жылғы қаңтарда Америка Құрама Штаттары Ресейді Украинаға басып кіру мақсатымен елге «жалған жалау операциясын» өткізу үшін диверсанттарды жіберді деп айыптады. Лавров АҚШ-тың бұл мәлімдемесін «жалған ақпарат» деп санады.[20] Сол жылғы 4 ақпанда Лавров Америка Құрама Штаттарының Ресей Украинада соғыс бастауға сылтау ретінде Украина күштерінің сепаратистер бақылауындағы Донбассқа шабуыл жасағаны туралы жалған видео дайындап жатыр деген айыптауларын «бос сөз» және «жындылық» деп санады.[21] 10 ақпан күні Лавров Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасспен кездесті. Ресейдің әскерилерін Украина шекарасынан кетуін қалаған Трасспен сөйлескенін Лавров «мылқау, саңыраумен сөйлескендей» деп сипаттады.[22]

Батыстық дипломаттардың ойынша Лавровтың Ресейдің сыртқы саясатына нақты ықпалы жоқ және ол тек Путиннің үгіт-насихатшысына айналды. Сыртқы саясат сарапшысы Анджела Стент: «Біздің білуімізше, Лавровтың өзі соғыс жайлы оның басталған кезінде ғана білген», – деді.[23]

Thumb
Ресей күштері бомбалаған Бородянка кентіндегі (Киев облысы) тұрғын үй, ғимаратта 3 адам қаза тапты.

2022 жылғы 25 ақпанда, Ресей Украинаға басып кіруін бастаған күннің ертеңінде, Лавров Путин басып алуды «украиндықтарды қысымнан босату» үшін бұйырды деп мәлімдеді.[24] Сол күні АҚШ, Ұлыбритания, ЕО және Канада Лавров пен Путинге қарсы санкциялар жариялады.[25] 10 наурыз күні Лавров «Ресей Украинаға шабуыл жасаған жоқ және еш елге шабуылдауды жоспарлап тұрғаны да жоқ» деген.[26]

1 қыркүйекте министр Транснистриядағы ресейлік әскерилердің қауіпсіздігіне қауіп төнуі мүмкін екенін айтып, Молдова басшылығын Батыстың нұсқауларына «көне салып, тыңдайды» деп айыптап, республикада «русофобия көбеюде» деп мәлімдеді. Сол күні Молдова Сыртқы істер министрі Нику Попеску осы мәлімдемелерге байланысты Ресейдің Молдовадағы уақытша сенімді өкілін министрлікке шақырды.[27]

2023 жылғы мамырда Лавров Германияның Украинаны қолдауын олардың «нацистік генетикасымен» байланыстырды.[28] Сол жылғы қыркүйекте Лавров Ресейдің Украинамен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтып кетті, бірақ атысты тоқтату жайлы келісім орындалмайтыны айтылды.[29]

Remove ads

Сын

Жемқорлық айыптары

2021 жылғы 16 қыркүйекте Алексей Навальный Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының тергеуін жариялады, онда Сергей Лавров пен Светлана Полякованың байланысы және оның туыстарымен бірге іссапарға ұшатыны және ресейлік кәсіпкер Олег Дерипасканың үйлері мен яхталарын пайдаланатыны айтылған. Тергеу барысында Лавровтың Дерипаскаға түрлі қызметтер көрсететіні де айтылды. Тергеуде айтылғандай, министр олигархқа АҚШ азаматтығын алуға көмектесу үшін америкалық лоббистерге жеке хат жазды.[30]

Еврейлер жайлы тұжырымдары

Лавровтың күйеу баласы — Израиль азаматы және бірнеше туысы Израильде туғанына[31] қарамастан оның түрлі антисемиттік сөз айтқаны бар.[32][33][34][35]

2022 жылғы 1 мамырда италиялық Mediaset телекомпаниясына берген сұхбатында Украинаны «нацификациялау» туралы айыптаулар президент Володимир Зеленськийдың еврей екендігіне қаншалықты сәйкес келеді деген сұраққа Лавров былай деді: «Мен қателесуім мүмкін, бірақ Гитлерде де еврей қаны болды... Дана еврей халқы айтуынша, ең жалынды антисемиттер, әдетте, еврейлер.».[36]

18 қаңтарда 2022 жылға арналған қорытынды баспасөз мәслихатында ол АҚШ пен Еуропаны орыс мәселесін түпкілікті шешуге тырысып жатыр деп айыптады және Адольф Гитлердің еврей мәселесімен салыстырды.[37] Ақ үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар үйлестірушісі Джон Кирби ресейлік шенеуніктің сөздерін абсурд деп атады,[38] Еуропалық еврей конгресі оларды Холокостты бұрмалау деп санады және Лавровтың кешірім сұрауын талап етті.[39]

Жеке өмірі

Сергей Лавров 1971 жылдан бері Мария Лавроваға үйленген, бір қызы және екі немересі бар.[40] Әкесі Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс істеп жүргенде АҚШ пен Лондонда тұрған олардың қызы Екатерина Сергеевна Лаврова — Колумбия университетінің түлегі. 2014 жылға дейін Нью-Йоркте болған және ұзақ уақыт Ресейден тыс жерде болғандықтан ол орыс тілін жетік білмейді.[41] Ол ресейлік бизнесмен Александр Винокуровқа (орыс.) үйленген.[40]

Лавров 2000 жылдардың басынан бері Светлана Поляковамен қарым-қатынаста деген болжамдар бар.[42][43] Полякованың қызы, Полина Ковалева, 21 жасында Лондонның Кенсингтон атты элиталық ауданында £4.4 миллионға тұрғын үй сатып алған еді.[43] 2022 жылғы 25 наурызда Ұлыбритания үкіметі оған Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты кеңейтілген санкциялар бағдарламасының бөлігі ретінде санкциялады.[43]

Лавров орыс, ағылшын, мальдив, француз және сингала тілдерін еркін меңгерген.[44]

Санкциялануы

Лавров 2022 жылғы Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысқаны үшін Еуропа Одағы, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Жапония және Аустралияда жеке санкцияларға ұшырады.[25][45]

2022 жылғы наурызда Ұлыбритания Лавровтың өгей қызы Полина Ковалеваға санкция салды[46] және сол сәуірінде Канада Лавровтың әйелі Мария мен қызы Екатерина Винокурованы санкциялады.[47]

Лавровқа 2011 жылы Норвегиядағы Тромсө университеті Баренц теңізінің норвегиялық және ресейлік секторы арасындағы теңіз шекарасын бөлу туралы бейбіт келіссөздердегі рөлі үшін құрметті докторлық дәрежесін алды.[48] 2022 жылы оның Украинаға басып кіруіне және соған байланысты халықаралық құқықты бұзуына байланысты ғылыми дәрежесі күшін жоғалтты. Лавров Норвегияда құрметті докторлық дәрежесін жоғалтқан жалғыз адам.[49]

Марапаттары

Thumb
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен 1-дәрежелі «Отанға сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапатталған Лавров (оң жақта), 2015 жылғы мамыр

Ресейлік марапаттары

Шетелдік марапаттары

Мойындалмаған мемлекеттерден марапаттары

  • 1-дәрежелі «Құрмет және Даңқ» ордені (Абхазия, 2023)[69]

Халықаралық ұйымдардан марапаттары

Конфессиялық марапаттары

  • 1-дәрежелі Әулие апостолдар Пётр мен Павел ордені (Антиохия православ шіркеуі, 2015)[70]
  • 1-дәрежелі Әулие Сергий Радонежский ордені (Орыс православ шіркеуі, 2015)
  • 1-дәрежелі Мәскеу Әулие ханзадасы Даниил ордені (Орыс православ шіркеуі, 2010)[71]
  • 2-дәрежелі Мәскеу Әулие ханзадасы Даниил ордені (Орыс православ шіркеуі)

Құрметті атақтары

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads